«Үздіктен үйренер көп» әдістемелік күн

«Үздіктен үйренер көп» әдістемелік күн

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 4 қаңтарда қысқы каникул мектебі жоспарына сәйкес «Үздіктен үйренер көп» тақырыбында ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Р.Марсеков атындағы орта мектеп» КММ базасында Ұлан ауданының жалпы білім беретін мектептерінің «Құқық негіздері», «Тарих» пәні мұғалімдерімен әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік күннің мақсаты: «Үздік педагог-2022» атағының иегері тарих пәні мұғалімі, педагог-шебер, т.ғ.к. Р.С Чекетаеваның тәжірибесін тарату, шебер-сынып өткізу, танымалдылығын арттыру. Әдістемелік күн барысында «Үздік педагог-2022» атағының иегері Чекетаева Р.С., «Үздік педагог» портфолиосын дайындаудың талаптары жайлы және тарих пәні бойынша сабақты өзіндік талдаудың ерекшелігі бойынша шеберлік-сағатын өткізіп, іс-тәжірибесімен бөлісті. Сабаққа дайындалуда, өзін дамытуда, білім алушылармен коммуникацияда т.б. салада қолданатын ерекше тиімді әдістерді насихаттады және әдістемелік қолдау көрсетті.

Шара соңындағы кері байланыста қатысушылар «Үздік педагог» конкурсына қатысуға кәсіби дайындық барысымен танысып, толық мәлімет алғандарына ризашылық білдірді. Әдістемелік күннің өте мазмұнды өткенін, педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыратын пайдалы әдіс-тәсілдерді, амалдарды, техникаларды меңгеруге әсері мол болғанын атап өтті.

Модератор:Абраимова Бахыт Касеновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің тарих пәні бойынша әдіскері.