2022 жылдың 23 желтоқсанында Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Самғау» түлектерінің бірінші форумы өтті.
«EdGiving Alumni NIS: білім мен тәжірибені тарату мақсатында мектепке оралу» форумының қатысушылары тек түлектер ғана емес, сонымен қатар мектептің 7-12 сынып оқушылары және педагогикалық ұжымы болды.
Мақсаты: NIS түлектеріне кәсіби бағдар беруде қолдау көрсету.
Бірінші бөлімде университет студенттері төрт бағыт бойынша баяндамашы ретінде жұмыс жасады: жаратылыстану-ғылыми; гуманитарлық және әлеуметтік мамандықтар; экономика, менеджмент және маркетинг; сонымен қатар география, экология және туризм.
Форумға Жанар Омарованың қатысуы үлкен тосын сый болды. Жанар мектептің 2013-ші жылғы, яғни, екінші түлектерінің бірі болып табылады.
Alumni NIS тарапынан әкелінген киімдер мен заттарда NIS жүйесінде оқушы бойына сіңіретін академиялық адалдық, ізденімпаздық, адамгершілік сынды ұғымдарға сәйкес мағыналы сөз тіркестерінің жазылуына барлық қатысушылар мен қонақтар тәнті болды. Осындай брендтік сыйлықтарды Alumni NIS өкілі қатысушылар арасында интерактив арқылы ойнатты.
Іс-шара белсенді қатысушылар – спикерлерге алғыс хаттарды тапсырумен аяқталды.