
2022 жылдың 22 желтоқсанында «Өрлеу» БАҰО АҚ ШҚО бойынша БАИ филиалы Мұғалімдер үйінде «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2022» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Барлық өңірлердің 1, 2, 3 орын алған жүлдегерлерін «Өрлеу» АҚ басқармасының төрағасы, PhD-доктор Әсел Зейнулқызы Мұхаметжанова құттықтады. Конкурс жыл сайын ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Өрлеу «БАҰО» АҚ өткізіледі және мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру қызметкерлерінің озық педагогикалық идеяларын, заманауи білім беру технологиялары мен әдістемелерін пайдалану бойынша тиімді практикаларды ұсыну және тарату нысандарының бірі болып табылады.
Финалға 4000 мыңнан астам қатысушының 286-сы өтті. Облыстық «Ақ ниет» мектеп-интернатының директоры Светлана Каримуллаевна Кривицкая Шығыс Қазақстан облысын «Арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының мұғалімдері» номинациясы бойынша ұсынып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу туралы тәжірибесімен таныстырып, жүлделі 2 орынды иеленді.
Біз С.К. Кривицкаяны және «Ақ ниет» мектебінің педагогикалық ұжымын лайықты марапатымен құттықтаймыз! Педагогтердің мәртебесін нығайтып, имиджін арттыруға ықпал ететін одан әрі кәсіби өсу мен жаңа жетістіктер тілейміз.