
Ағымдағы жылы 27 желтоқсанда ШҚО білім басқармасымен Балалар жылын қорытындылау туралы облыстық брифинг өтті.
Брифингте спикер ретінде басқарма басшысының м.а. Чернышёва Инесса Александровна, басшының орынбасары Ақылбек Алима сөз сөйледі, сондай-ақ, Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Каленова Аксана Алексанровна қатысты.
Брифинг барысында өңірлік іс-шаралар жоспарын орындау мәселелері жарияланды, 0-ден 18 жасқа дейінгі балаларды 100% қамтумен 129 жоспарланған іс-шара өткізілді, бұл – 181 266 баланы құрайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылға дейін 1000 мектеп салу жөніндегі тапсырмасын орындауға баса назар аударылды, тапсырманы орындау шеңберінде Риддер қаласында қазақ және орыс тілдерінде оқытатын 600 орындық жаңа мектеп, Күршім ауданының Жолнұсқау ауылында офтейк-шарт бойынша 50 орындық 1 мектеп ашылды. Екі мектеп те заманауи сыныптармен, жаңа модификациядағы пәндік кабинеттермен жабдықталған.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасау да назардан тыс қалмады, мысалы Өскемен қаласында 111 орынға арналған «Страна чудес» мектеп-балабақшасы арнайы кешені ашылды, оның ішінде балабақша бөлімінде 72 бала тәрбиеленсе, мектепте 39 аутизмі бар бала білім алады.
Сондай-ақ, Балалар жылы аясында қазіргі заманауи талаптарға сай 80 орын және 144 орынға арналған қазақ тілінде оқытатын екі жекеменшік мектепке дейінгі мекеме пайдалануға берілді.
Дарынды балаларды қолдау үшін жағдай жасалуда. Ағымдағы оқу жылының қорытындысы бойынша 44 млн.теңгеге 441 бала көтермеленді, оның ішінде 14 стартап жоба қолдау тапты.
Мемлекет басшысының балалар жылы аясында берілген барлық тапсырмалары толығымен жүзеге асырылды.