«Қазіргі мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру» облыстық семинар-практикумы

«Қазіргі мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру»  облыстық семинар-практикумы

ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2022 жылғы 23 желтоқсанда директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары үшін «Қазіргі мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру» облыстық семинар-практикумын өткізді.

Семинар мақсаты - ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «М.Әуезов атындағы №17 орта мектебі» КММ жұмыс тәжірибесін жинақтау, Алтай және Самар аудандарының білім беру мекемелері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына әдістемелік көмек көрсету.

Іс-шара барысында Өскемен қаласының М. Әуезов атындағы №17 орта мектебінің педагог-спикерлері:

Абдрахманова Гульмира Файзолдаевна, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Нормативно-правовое обеспечение воспитательного процесса в школе», «Локальные акты, регламентирующие деятельность заместителя директора по воспитательной работе школы», «Планирование воспитательной работы в современной школе», «Мониторинг качества и результативности воспитательной работы школы» блоктары бойынша;

Исраилов Руслан Джабраилович, мектептің аға тәлімгері «Формирование школьного парламента»;

Габитова Алена Вадимовна, ағылшын тілі мұғалімі «О реализации проекта «Читающая школа» в начальном звене общеобразовательной школы» тақырыптарында жұмыс тәжірибелерімен бөлісті;

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шелепова Людмила Михайловна «Тематический подход в реализации проекта «Читающая школа» бағытында шебер-сынып өткізді.

Кері байланыс барысында қатысушылар іс-шараның өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді, директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының біліктілігін арттыру және оларды әдістемелік сүйемелдеу қажеттігі туралы өз пікірлерін айтты.