ШҚО ТжКБ оқу орындарының студенттері арасындағы облыстық көңілді тапқырлар клубы

ШҚО ТжКБ оқу орындарының студенттері арасындағы облыстық  көңілді тапқырлар клубы

2022 жылғы 23 желтоқсанда жаратылыстану пәндері облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Өскемен жоғары политехникалық колледжінің базасында колледждің 70 жылдығына арналған ШҚО ТжКБ жүйесі оқу орындарының студенттері арасында облыстық көңілді тапқырлар клубы өткізілді.

Мақсаты - студенттер арасында ұжымшылдық сезімін тәрбиелеу, әуесқойлық өнердің танымал жанрына қатысу арқылы белсенді және шығармашылық тұлғаны дамыту.

Облыстық көңілді тапқырлар клубына қатысу үшін 8 командадан өтінім келіп түсті.

Көңілді тапқырлары клубы келесі кезеңдерден тұрды: «Визит карточкасы», «Ширату», «Кім? Қайда? Қашан?», «Физико-химиялық ертегі», «Үй тапсырмасы».

Қазылар алқасының шешімімен келесі жүлделі орындар анықталды:

I дәрежелі дипломмен «Einstein балалары» командасы (Өскемен жоғары политехникалық колледжі), II дәрежелі дипломмен «103» командасы (Өскемен жоғары медицина колледжі) және III дәрежелі дипломмен «Атмосфера» командасы  (С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжі) марапатталды.

Көңілді тапқырлар клубының қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты марапаттау рәсімі өтіп, ШҚО кәсіптік білім беру орталығының Кубоктары мен Дипломдары табыс етілді.

Көңілді тапқырлар клубының жеңімпаздары мен жетекшілерін құттықтай отырып, алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз!