Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті мен облыс әкімінің атынан балаларға мереке ұйымдастырып, сыйлықтар беру игі дәстүрге айналды. 2022 жылғы 25 желтоқсанда сағат 11.00-де «Ертіс концертінде» Қазақстан Республикасы Президентінің атынан, сондай – ақ сағат 14.00-де Шығыс Қазақстан облысы әкімінің атынан «Қош келдің, Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман!» Жаңа жылдық шырша өтеді.
2022 жылы Президенттік шырша Мемлекет басшысы жариялаған балалар жылы аясында өтеді.
Жаңа жылдық мерекеге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды балалар қатарынан облыстың 9 жастан 13 жасқа дейінгі 450 баласы қатысады.
Шыршаның жас қатысушылары үшін балалардың жаңа жылдық ғажайыптар мен сиқырлар әлеміне саяхаты ұйымдастырылады, онда балалар әйгілі мультфильмдер мен халық ертегілерінің ұлттық кейіпкерлерімен кездеседі, сынақтардан өтеді және жаңа білім мен дағдыларға ие болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің атынан 200 бала 150 000 теңге сомасында ақшалай сертификат, құттықтау хат, кітап, тәтті сыйлық алды. ШҚО әкімінің атынан 250 бала 150 000 теңге сомасында ақшалай сертификат және тәтті сыйлық алады.
Сонымен қатар, балаларды кең мәдени ойын-сауық бағдарламасы күтіп тұр: танысу кеші, дискотека (тұрғылықты жері бойынша), кинотеатрда фильмді тегін көру.
Іс-шараларды жариялауға мүдделі БАҚ өкілдерін Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан Республикасы Президентінің және облыс әкімінің атынан қалалық, аудандық білім беру ұйымдарында ұйымдастырылатын Жаңа жылдық шыршаға қатысушыларға сыйлықтар табыстау рәсіміне қатысуға шақырамыз.
Қосымша ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: 8/7232/701661, 8/7232/752691, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы.