Қымбатты жерлестер!

Қымбатты жерлестер!

Баршаңызды ұлық мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздік күні әрбір қазақстандық үшін бостандықты, қуатты, өркендеуді бейнелейді. Біз өз тарихымызды мақтан тұтамыз, халқымыздың мәдени мұрасын сақтаймыз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде  «Біз ең басты құндылығымыз – Тәуелсіздігімізді сақтап, ұлттық бірегейлігіміздің негізін нығайтып, елімізді жаңғырту жолында ұйысуға тиіспіз. Бұл – болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті борышымыз» деген.

Еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы барлық жетістіктері – ел тағдыры мен туған жерге деген сүйіспеншілігі үшін ортақ жауапкершілік біріктіретін барлық қазақстандықтардың бірлігінің нәтижесі.

Біз Қазақстанның тәуелсіздігімен бірге өсіп, дамып келеміз. Бүгінгі таңда өсіп келе жатқан жаңа буын өкілдері өзінің шығармашылық, зияткерлік жетістіктерімен, игі істерімен елімізді, Қазақстанымызды дәріптеуде.

Осынау айтулы мерекеде Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаттық пен береке тілеймін!

Ұлы еліміздің ұлы тағдырын айқындаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Чернышёва И. А.