Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңінің ІІ турының (тестілеу) қорытындысы

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңінің ІІ турының (тестілеу) қорытындысы

2022 жылғы 13-14 желтоқсанда республиканың барлық облыстарында бір мезгілде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңінің ІІ туры өтті.

Облыстық кезеңнің 100-ден астам жеңімпазы мен жүлдегері бейіндік пән бойынша онлайн тестілеуге қатысты.

Тестілеу деңгейлер бойынша құрастырылған 60 тест тапсырмасынан тұрып, оларды орындауға 2 астрономиялық сағат бөлінді. Тестілеу автоматтандырылған прокторинг жүйесі мен онлайн трансляция жүргізілумен өткізілді.

Ашықтық пен академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін «АМАNАТ»  партиясы ШҚО филиалы және ата-аналар қауымдастығынан өкілдер шақырылды.

Тестілеу қорытындысы бойынша шекті ұпай жинаған қатысушылардың жұмысы алдын-ала сараптамаға жіберіліп, соның нәтижесі бойынша қорытынды кезеңге қатысушылар анықталады.