Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Кубогіне арналған республикалық пікірсайыс турнирінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Кубогіне арналған республикалық пікірсайыс турнирінің  ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 13-14 желтоқсанда Астана қаласында 120 қатысушыларды қамтыған дебат клубтары арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған мектеп оқушыларының республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Турнирдің мақсаты – Қазақстан оқушылары арасындағы пікірсайыс қозғалысының дамуы және парламенттік пікірсайыс технологияларының популяризациясы, еліміздің ең мықты дебат клубтарын анықтау.

Турнир алаңы қатысушыларға жүйелі талдау, өз ұстанымдарын білдіру дағдыларын көрсетуге мүмкіндік берді.

Шығыс Қазақстан облысы атынан қазақ лигасы – «ZIYATKER» командасы, Берлхан Жанбота Дауренкызы, Алмасұлы Мерхат (Ш.Уалиханов атындағы №3 мектеп-лицейі, Өскемен қаласы), орыс лигасы – «Mind palace», Казанцева Марина Сергеевна, Наумкин Вадим Евгеньевич (Облыстық мамандандырылған ІТ-мектеп-лицейі) қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша «Mind palace» командасы 3-орын иеленді.

Жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.