
ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 25 желтоқсан - Қазақстан Республикасындағы психологтер күніне орай 2022 жылдың 21 желтоқсанында аудандық, қалалық білім бөлімдерінің психологиялық қызметке жетекшілік ететін әдіскерлері мен білім беру ұйымдарының педагог-психологтері үшін «Білім беру ортасындағы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» кәсіби кездесуін өткізеді.
Шараның мақсаты білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтердің кәсіби маңыздылығын арттыру, қолдау, озық іс-тәжірибелер тарату, әдістемелік қолдау көрсету.
Іс шара барысында Шығыс Қазақстан облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл, С. Аманжолов атындағы ШҚУ «Педагогика-психология» кафедрасының оқытушысы, Өскемен қаласы білім бөлімінің әдіскері, Өскемен қаласы білім бөлімінің Оқушылар шығармашылық сарайының әлеуметтік-психологиялық қызметтің жетекшісі, Өскемен қаласы мен Шемонаиха ауданының педагог- психологтері іс-тәжірибелерімен бөліседі.
Өтетін орны мен мекен жайы: Өскемен қаласы, С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан универститетінің №1 оқу ғимараты, 30-шы Гвардиялық Девизия көшесі, 34.
Өтетін уақыты: сағат 10.00-де.
Жауапты - Кубентаева Ардак Курмангазиновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО әдіскері, 87773825029.