
Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай қазақ күресінен «Колледж барысы – 2022» облыстық турнирі ұйымдастырылды. Сайыс «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны базасында өткізілді. Жарыстың мақсаты мен міндеттері: жастар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дене тәрбиесі мен бұқаралық спортты дамытуға ықпал ету;спорттың осы түрінің танымалдылығын дамыту;ТжКББ оқу орындары арасындағы достық байланыстарды нығайту.
Облыстың 10 колледжінен 16 сайыскер қатысты. Палуандар70 және 90 кг салмақта күш сынасты.
Жарыстың қорытындысы бойынша 70 кг салмақта:
1 орын – Еркінбек Нұржол Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі;
2 орын - Демеубеков ҰланСәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің жоғары колледжі;
3 орын – Ержанұлы Нұрдаулет Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі
90 кг: 1 орын - Арманұлы Асанәлі Өскемен жоғары медицина колледжі; 2 орын - Батбаяр Бахатбек Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі; 3 орын - Мырзабек Ринат Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі