
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мерекесіне орай 2022 жылы 12 желтоқсан күні «Үздік өлкетану сабағы - 2022» облыстық байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты – өлкетану пәнінің танымалдылығын арттыру, мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін қорытындылау және тарату.
Байқауға «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» (орыс тілінде оқытатын мектептерге «Қазақ тілі мен әдебиеті»), «География», «Музыка» пәндері бойынша байқаудың аудандық және қалалық кезеңдерінің жүлдегерлері қатарынан 25 мұғалім қатысты.
Ережеге сәйкес байқау қатысушылары қысқа мерзімді сабақ жоспарларын қорғап, Youtube.com сайтында жүктеген сабақтың бейне үзінділері мен туған өлкенің тарихын оқытудағы жаңа әдістер мен тәсілдерді қолдануын көрсетіп, өткізген сабақтарына өзіндік талдау жасады.
Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша байқау жүлдегерлері анықталды. Байқау қорытындысы бойынша «Үздік өлкетану сабағы - 2022» байқауының жеңімпаздарына жүлделі орындар тағайындалды:
Бас жүлде - Кудайбергенов Даурен Абусагитович, ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «І.Айттықов атындағы орта мектеп-балабақша кешені» КММ тарих пәні мұғалімі;
І орын - Горбаткина Ольга Николаевна, ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған ІТ-мектеп-лицейі» КММ география пәні мұғалімі;
ІІорын - Шаріпханова Жансая Шаріпханқызы, ШҚО ББ өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№47 орта мектебі»КММ тарих пәні мұғалімі;
ІІорын - Кокен Жанболат, ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Көкбастау орта мектебі» КММ география пәні мұғалімі;
ІІ орын - Мадиева Бакытгуль Советхановна, ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп»КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
ІІІ орын - Березовикова Ира Даминовна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Меновное орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі;
ІІІ орын - Тулегенова Гульжан Тулегенқызы, ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «С. Ластаев атындағы орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі ;
ІІІ орын - Кабдрахманова Бакытгуль, ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Ю.А.Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі;
ІІІ орын - Қабидолдин Қуаныш Тілеуханұлы, ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі.
Комиссия шешімі бойынша байқау жеңімпаздарына номинациялар тағайындалып грамоталар табысталды.
«Цифрлы сауатты ұстаз» номинациясы :
Кабылбаева Асем Нуржакыповна, ШҚО ББ Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Миролюбовка орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі;
Антропова Галина Владимировна, ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№1 мектеп-лицей» КММ музыка пәні мұғалімі;
«Заманауи ұстаз» номинациясы:
Даулетбекова Сая Даулетбековна, ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
«Шығармашыл ұстаз» номинациясы:
Жумабаева Катипа Нубораковна, ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «М.Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
Отарбаева Гульназ Сарсенбаевна, Өскемен қаласы «ДБА Жамбыл атындағы облыстық ММ ГИ» КММ тарих пәнінің мұғалімі
«Креативті ұстаз» номинациясы:
Нуртазова Сауле Елкелдиновна, ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Таврия орта мектебі» КММ география пәні мұғалімі;
Омарова Наталья Александровна, ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған ІТ-мектеп-лицейі» КММ музыка пәні мұғалімі;
«Сөзге ұста, ойға шебер» номинациясы:
Медынина Татьяна Николаевна, ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының № 11 орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Модератор: Абраимова Бақыт Қасеновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің тарих пәні бойынша әдіскері