«Методический автобус «Учитель живёт, пока учится, учитель учится пока живёт» шебер сыныбы

«Методический автобус «Учитель живёт, пока учится, учитель учится пока живёт» шебер сыныбы

Мұғалім – білім саласындағы өзгерістердің бастамашысы, қоғамның дамуына атсалысушы адам. Бүгінде әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты берілген мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті – ол жаңашыл ұстаз.

 Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы жылдық жоспарға сәйкес «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  оқыту тілі орыс тіліндегі орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету және озық педагогикалық тәжірибемен  алмасу мақсатында 2022 жылдың 12 желтоқсан күні ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша  білім бөлімінің «№19 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ  базасында «Методический автобус «Учитель живёт, пока учится, учитель учится пока живёт» тақырыбында шебер сыныптарын өткізді.

Іс-шараның ашылу кезеңінде «№19 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ директоры Киикбаев Кайрат Фазылұлы алғы сөзінде  мектептің жалпы оқу-тәрбие үрдісі бойынша қысақаша мәлімет беріп, қатысушалырға сәттілік тіледі.

Шебер сынып барысында аталған мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.В.Захарова «Оқушылар біліміндегі олқылықтарды  жою бойынша мектептің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбанда мектептің жұмысымен таныстыру жүргізді.

«Стилистика және сөйлеу мәдениеті», «Орфографиялық қырағылықты қалыптастыру», «Обособление причастных оборотов» тақырыптары бойынша  аталған мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Захарова Т.В., Н.Н. Величко, Л.С.Габдуллина, С.Г.Машекенова, А.Р.Бахтиярова, Н.М.Карпова оқу үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс барысында ойын технологиялары мен тренажерларын қолдану арқылы мектеп бағдарламаларын меңгеруде қиындықтарға тап болған балалармен жұмыста өздерінің сабақтарында пайдаланатын тиімді оқыту платформаларымен  жұмыс жасау әдіс-тәсілдерін  практикада көрсетті. 

Глубокое, Ұлан ауданы бойынша білім бөлімдерінің «Украинская мектеп-балабақша кешені» КММ, «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Г.М.Абильмажинова, И.А.Полторанина «Мәтінмен жұмыс жасау әдістері оқу сауаттылығын дамытудың бірден бір тәсілі. Сабақ материалдары» «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарын жою бойынша жұмыс түрлерін , нәтижелерін ортаға салып іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шараның кері байланыс бөлігінде қатысушылар «еркін микрофон» арқылы ойларын ортаға салып, іс-шарада көрсетілген педагогикалық іс-әрекеттерді, әдіст- тәсілдерді және  қолданған цифрлық платформаларды  бірлесіп пысықтап, тиімділіктерін атап өтті, өткізілген шебер сыныптарға жоғары баға берді.

Шебер сыныпқа қатысқан барлық педагогтерге сертификат берілді.

Модератор – Кантаева Айзада Жумакановна, «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны және білім сапасы мониторингі кабинетінің меңгерушісі.