«Халық жазушысы Ә. Нұршайықовтың шығармашылық әлемі және ұлттық тәрбие құндылықтары»  дөңгелек үстел

«Халық жазушысы Ә. Нұршайықовтың шығармашылық әлемі және ұлттық тәрбие құндылықтары»  дөңгелек үстел

         Шығыс Қазақстан облысы  білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы  2022 жылдың 9 желтоқсан күні жалпы орта білім беретін мектептердің қазақ  тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақ КСР-нің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, А.А.Фадеев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы Ә.Нұршайықовтың 100 жылдық мерейтойына орай «Халық жазушысы Ә.Нұршайықовтың шығармашылық әлемі және ұлттық тәрбие құндылықтары» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізді.

Іс-шараның мақсаты - жазушының өмірге көзқарасына, дүниетанушылығына негізделген шығармалар әлемі арқылы жас ұрпақты отаншылдыққа, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу әдістерімен бөлісу, ұлттық құндылықтарды насихаттауда тәжірибе алмасу.

          Дөңгелек үстел аясында «Жазушы еңбегін насихаттауда Ә.Нұршайықов шығармашылығындағы педагогикалық идеялар», «Ә.Нұршайықовтың ұрпағына айтқан өнегелі сөздерінің тәрбиелік мәні», «Ә. Нұршайықов-очерк жанрының шебері», «Ә.Нұршайықовтың өсиет-өнегесі», «Ә. Нұршайықовтың нақыл сөздерінің тәрбиелік мәні», «Ә.Нұршайықов шығармаларындағы ұлттық тәрбиені пәнмен сабақтастыру», «Әз-аға жайлы айшықты ойлар», «Ұлтын сүйген, жаны нұрлы қаламгер», «Ел сыйларлық бағаң болмаса, елге аға болдым деме», «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Әзілхан Нұршайықов шығармаларын оқыту», «Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романындағы Б.Момышұлының бейнесі арқылы жастарды тәрбиелеу», «Әзілхан Нұршайықов шығармаларын оқыту арқылы жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу», «Ә.Нұршайықов  «Махаббат, қызық мол жылдар» кітабы қалай жазылды?», «Ә.Нұршайықовтың шығармаларындағы еңбек пен ерлік, махаббат пен достық бейнесі» тақырыптар мазмұны ашылды.

Дөңгелек үстелге 20 мұғалім офлайн және 100-ге жуық мұғалім инстаграмм желісі арқылы тікелей қосылды. Шараға облыстық «Дидар» газетінің өкілі Қ.Дүргімбай қатысты.

Жалпы орта білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімдері жазушының бірнеше  шығармалары төңірегінде әртүрлі ізденіс тақырыптарымен бөлісіп, естеліктері, оқушыны шығармаларды оқытуға қызықтыру жолдарындағы өзіндік әдіс-тәсілдері, іс-тәжірибелерімен алмасты.

Іс-шара соңында кері байланыс ұйымдастырылып, дөңгелек үстелдің әсерлі өткендігіне баға берілді.

Модератор - оқытудың мазмұны және білім сапасы мониторингі  кабинетінің әдіскері    А.Ж.Билялова