«Үздік экологиялық білім беру ұйымы» Ұлттық конкурсының облыстық кезеңі

«Үздік экологиялық білім беру ұйымы» Ұлттық конкурсының облыстық кезеңі

2022 жылдың 8 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы экологиялық саладағы проблемалық мәселелерге назар аудару, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі озық іс-тәжірибелерді тарату  мақсатында «Үздік экологиялық білім беру ұйымы» Ұлттық конкурсының облыстық кезеңін    өткізді.

Конкурсқа облыстың аудандары мен қалаларынан 9 білім беру ұйымдары қатысты.

Комиссия мүшелерінің шешімі негізінде облыстық кезеңнің жеңімпаздары анықталып, материалдары республикалық конкурсқа қатысуға номинациялар бойынша жолданды:

«Жасыл Қазақстан: Қазақстанның үздік экологиялық жобасы» номинациясы– ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Жаңаауыл негізгі орта мектебі» КММ;

«Жасыл Қазақстан: экологиялық ағарту және ақпараттандыру» номинациясы – ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Меновное орта мектебі» КММ. 

Конкурстың облыстық кезеңінің жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып,  қатысушыларға сертификат берілді.

  Конкурстың республикалық кезеңіне қатысатын жүлдегерлерге жеңіс тілейміз!