
Қазіргі уақытта мультимедиа технологиялары – бұл оқу үрдісінде жаңа ақпаратты технологиялардың кеңінен дамып келе жатқан бағыты. Мультимедиа технологиялары оқу үрдісін байытады, оқытуды тиімді етуге мүмкіндік береді. Білім беруде қазіргі ақпаратты технологиялардың қолданылуы ұстаздардың әдістемелік дамуына, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін көтеруіне әсері жоғары.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы жылдық жоспарына сәйкес 2022 жылдың 7 желтоқсан күні «Мультимедиялық презентациялар - педагогтердің тәжірибесін ұсынудың тиімді тәсілі» тақырыбында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің «Тарих» пәні мұғалімдерімен шебер сынып өткізді.
Шараға облыстың жалпы орта білім беру және мамандандырылған ұйымдарының тарих пәні мұғалімдері құрамынан барлығы 43 педагог қатысты.
Семинардың мақсаты - білім алушылардың танымдық ынтасын арттыру мақсатында қосымша ойын материалдарын, тест тапсырмаларын, шығармашылық сипаттағы дидактикалық материалдарды, аудиовизуалды құралдарды (графика, аудио, бейнематериалдар), презентацияларды, сараланған оқу тапсырмаларын пайдалануды дамытудың тиімді әдіс - тәсілдерімен тәжірибе бөлісу, әдістемелік көмек беру.
Шара барысында: Каримова Гульжан Толеубаевна Bilimland компаниясының әдіскері, «Важность цифровых ресурсов в улучшении качества образования»; Нұролдинова Перизат Талғатқызы Bilimland компаниясының контент бөлім басшысы, «Цифрлық ресурстардың білім сапасын жақсартудағы маңыздылығы» тақырыбында онлайн форматта таныстырылым жасады.
Какаулина Людмила Николаевна ШҚО ББ Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Камышинка жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы» кешені» КММ тарих пәні мұғалімі, педагог-шебер «Использование мультимедийной презентации на уроках общественных дисциплин»;
Березовикова Ирина Даминовна, Муканова Шынар Канатовна ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Меновное орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімдері «Формирование ведущих компетенций обучающихся на уроках истории в рамках цифровизации образовательного процесса»;
Арыстанбек Диана, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Заки Ахметов атындағы № 16 орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі, педагог –зерттеуші «Тарих сабағында цифрлық платформаларды пайдалану тиімділігі»;
Алғали Мақсат Нұрланұлы тарих пәні мұғалімі, ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «С. Аманжолов атындағы орта мектебі» КММ «АКТ бағдарламаларын сабақта тиімді пайдалану»;
Кабдрахманова Бакыткуль Ермековна ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Ю.Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі » тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші «Мультимедиялық технологиялар көмегімен тарих пәні бойынша оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру» тақырыптарында мультимедиялық технологиялардың тиімді әдістері мен практикалық жолдарын көрсету арқылы тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысушылар шебер сынып тақырыбының өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтіп, тәжірибеде қолдану үшін әдістемелік көмек алғандарын кері байланыс арқылы жеткізді.
Модератор - Абраимова Бахыт Касеновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО әдіскері.