Қамқоршылық Кеңестің жұмысын ұйымдастыру

Қамқоршылық Кеңестің жұмысын ұйымдастыру

ШҚО білім басқармасы ШҚО техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының қамқоршылық кеңестерінің құрамын 2023 жылға қалыптастыру және жаңарту туралы хабарлайды. ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген Қамқоршылық Кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібі жұмысын ұйымдастырудың үлгі ережесінің 7 тармағына сәйкес Қамқоршылық Кеңестің құрамына кіреді:

1) жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;

2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;

3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);

4) ата-аналар комитеті ұсынған сыныптардың, курстардың әрбір параллелінен осы білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;

5) қайырымды жандар (бар болса).

Қамқоршылық Кеңесінің құрамы бойынша ұсыныстарды, өтініштерді қабылдау ШҚО Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында және ШҚО білім басқармасында  2022 жылдың 26 желтоқсанына   дейін жүзеге асырылады.