
Шешім қабылдауға байланысты белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыру үшін жеткілікті білім, дағды мен тәжірибе деңгейін көрсететін іскерлік және жеке қасиеттердің интегралды сипаттамасы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін анықтайды.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы «Үздіксіз білім беру үдерісіндегі ЖМБ мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі» онлайн-семинарын өткізеді.
Семинардың мақсаты - жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша танымдық іс-әрекетінде білім алушылардың оқу үрдісін ұйымдастыруға бағытталған педагогикалық іс-әрекеттер мен әдістерді қалыптастыру бойынша әдістемелік көмек көрсету.
Онлайн-семинар аясында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті PhD докторы, педагог-зерттеушілер, «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» педагогикалық олимпиаданың жеңімпаздары іс-тәжірибелерімен бөліседі.
Онлайн семинар 2022 жылдың 8 желтоқсанында өтеді.
Өткізу уақыты-сағат 15.00.
Модератор – Желпакова Айгуль Халелевна, оқытудың мазмұны және білім сапасы мониторингі кабинетінің әдіскері, 87774966377.