«2nd Oskemen Hackathon»

«2nd Oskemen Hackathon»

ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес Балалар жылы аясында 2022 жылғы 26-27 қарашада 2nd Oskemen hackathon конкурсы өтті.

Іс-шараның мақсаты - оқушылардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамыту және қолдау, ғылыми-техникалық бағыттарды насихаттау.

Іс-шара барысында  IT саласындағы дәрістер мен әңгімелесулерді Алматы қаласының nFactorial жетекші мамандары Асхат Қуат және Аружан Жаубасар өткізді. Қазылар алқасының мүшелері

Тапсырмаларды ұйымдастыру, сақтау және олардың мерзімдерін қарау үшін сайтты немесе қосымшаны әзірлеу бойынша 150-ге жуық 7-12 сынып оқушыларынан құралған 45 команда жұмыс жасады.

EPAM Kazakhstan компаниясының әзірлеушісі Азамат Ермолұлы Тикенов, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ PhD докторы, республикалық және халықаралық жобалық жарыстар жүлдегерлерінің тәлімгері Индира Махмұтқызы Увалиева- қазылар алқасы мүшелерінің шешімі бойынша командаларды бағалау екі кезең бойынша жүргізілді:

I кезең - Жоба идеясы

II кезең - Орындау сапасы

IT-Хакатон қорытындысы бойынша І жүлделі орын – Өскемен қаласының ХББ НЗМ «Zero Two» командасына берілді;

 ІІ орын келесі командалар арасында бөлінді:

 «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған  дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ «Wenomechainsama» командасы; 

«Жалпы білім беретін  №15 орта мектебі» КММ «Bite Kids» құрама командасы;

 «Математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектебі» КММ «Light fury» командасы;

«№34 мектеп-лицейі» КММ  «Team Spirit» командасы;

ІІІ орын иеленген командалар:

 «Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ «4PDA» құрама командасы;

       «З. Ахметов атындағы №16 орта мектебі»  КММ және «Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ командалары;

 «Дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған «БІЛІМ - ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ «Light_dv» командасы;

«Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ және «№47 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ «Три кота» командалары;

 «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ «Нитроглицерин» командасы;

 «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ «White and black» командасы;

 «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ «MindBoх» командасы;

 «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған «БІЛІМ- ИННОВАЦИЯ лицейі» КММ  «ATA» командасы;

 «Шәкәрім атындағы № 1 орта мектебі»  «Барыс» командасы;

 «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған «БІЛІМ - ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ «NCS» командасы;

«№48 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ «Python»командасы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, сертификаттар және ақшалай сыйлық табысталды.

Шара соңында кері байланыс жүргізілді,  қатысушылар іс-шараның өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтті, өз тәжірибелерінде пайдалану үшін үлкен тәжірибе алғандықтарына ризашылықтарын білдірді.

«2nd Oskemen hackathon» конкурсын ұйымдастыруына бастамашылық еткен «Үздік педагог – 2022» атағының иегері, «it-club» авторы Біржан Әуезов және «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ оқушылары Мейір Әнуарбеков мен Ерасыл Есенгелді.

Модератор: Айгуль Халелевна Желпакова, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны және білім беру сапасының мониторингі кабинетінің математика, физика, информатика пәндері бойынша әдіскері.