
2020 жылдың 2 наурызында, «Skills for geeks» облыстық чемпионатының аудандық кезеңі Бесқарағай ауданында өтті.
Облыстық чемпионатқа қатысуға мүмкіндік алу үшін 10 жалпы білім беретін мектептің 45 оқушысы Канонер орта мектебі базасында бақ сынады. Чемпионат спорттық робототехника бойынша «Сызық бойымен жарыс», «Сумо», «Кегельринг», «Кегельринг квадро», «Жаяу жүретін роботтар сумосы» және «Танк биатлоны», сонымен қатар «3D модельдеу», «Бағдарламалау» және «Arduino микроконтроллерінде құрылғыларды бағдарламалау» бағыттары бойынша өтті.
Аудандық кезең жеңімпаздары осы жылдың сәуір айында өтетін облыстық чемпионатқа қатысады.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!