Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының педагог еңбек ардагерлерін құттықтау

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының педагог еңбек ардагерлерін құттықтау

2020 жылдың 4 наурызында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК базасында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында білім басқармасының педагог еңбек ардагерлерін құттықтады

Училищенің жас педагогтары «Өскемен - Әйел бақыты авиалайнерімен саяхат» мерекелік концерттік бағдарламасын ұсынды, шара барысында біздің ардагерлер әлемнің айналасында саяхат жасап, түрлі елдердің әндері мен музыкалық композицияларын тыңдады. Білім басқармасының барлық шақырылған ардагерлеріне жылы және достық атмосферада естелік сыйлықтар табыс етілді.