
2020 жылғы 29 ақпанында Шымкент қаласында «Қазақстан – менің алтын бесігім» атты жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер тәрбиеленушілері арасында республикалық балалар фестивалі өтті.
Фестивальдің басты мақсаты: жетім және ата ананың мейіріміне мұқтаж болған балалардың өз өнерлері мен дарынын, шығармашылық әлеуетін еркін көрсете алатын ашық алаң ұйымдастыру. Бұл олардың азаматтық жауапкершіліктерін, рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Бұл фестивальде Шығыс Қазақстан облысының атынан ШҚО білім басқармасының «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері өнер көрсетті.
1 Наруыз - Алғыс айту күнінде байқау нәтижелері белгілі болды. «Татулықтың тұтқасы – бірліктің бесігі» атты ұлттық билер номинациясында бас жүлдені «Үміт» балалар үйінің үлгілі «Аққу-Үміт» хореографилық ансамблі жеңіп алды. «Жүрек жылуы» вокалистер байқауында Зайцева Виктория «Мама» және «Мен тәтті» әндерін орындап, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. «Ризамын халқыма!» атты театрландырылған музыкалық көріністер байқауында біздің тәрбиеленушілер Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына орай «Ұлы жеңіске мың алғыс! Мың тағзым!» атты мюзикл көрсетіп, Тұрғанбаев Темірлан «Үздік ер адамның ролін орындаушы» номинациясын жеңіп алды.
Жас өнерпаздарды кезекті жеңісімен құттықтаймыз!