
Бүгін, 2022 жылғы 25 қарашада Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы колледждері студенттерінің арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиадасы өз мәресіне жетті. Олимпиаданың жабылу салтанаты Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында өткізілді.
Республикалық олимпиадаға Қазақстан Республикасы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан 13 студент қатысты: Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарық колледжі, Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі, Есік гуманитарлық - экономикалық колледжі, Екібастұз политехникалық колледжі, Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, Өскемен экономика және қаржы колледжі.
Олимпиада 2 айналымда өтті: 1 айналым – жазбаша (эссе жазу); 2 айналым – ауызша (Қ.О.Бітібаеваның өмірбаяны, оның ғылыми мұрасы және публицистикалық еңбектері сараланды).
Жиынтық хаттаманың қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасының шешімімен Қазақстан Республикасы колледждері студенттерінің арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиадасының жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталды:
І орын - Рамазан Назерке Нұрланқызы (№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық- педагогтік колледжі);
ІІ орын - Дәулетбек Жұлдыз Саветқызы (Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі);
ІІІ орын - Касимов Батырхан Бергалиулы (Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі), Жанат Сара (Өскемен экономика және қаржы колледжі).
Барлық Олимпиада қатысушыларына сертификаттар, жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды. Сонымен бірге, Олимпиада жеңімпазы мен жүлдегерлері облыстық білім басқармасының грамоталарымен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.
Республикалық олимпиаданың барлық қатысушыларына, олардың жетекшілеріне зор алғыс білдіреміз. Олимпиада жеңімпазы мен жүлдегерлерін құттықтай отырып, алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз!