Облыстық «My PRO» мамандықтар фестивалінің баспасөз хабарламасы

Облыстық «My PRO» мамандықтар фестивалінің баспасөз хабарламасы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттау және мектеп оқушыларына болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру мақсатында ағымдағы жылдың 2-5 наурызы аралығында 7-11 сыныптар арасында «My PRO» мамандықтар фестивалі өтеді.

Арнайы алаңдарда қатысушылар колледждер және аймақтағы ЖОО-ның ең үздік мамандықтарымен танысып, өздерін келесі мамандықтар бойынша көрсете алады: «Білім беру», «Ветеринария», «Дәнекерлеу ісі», «Шаштараз өнері және сәндік косметика», «Медбикелік іс», «Электроэнергетика», «Тамақтануды ұйымдастыру», «Агрономия», «Өнер және мәдениет» және т.б.

Ұйымдастырушы: «Шығыс Қазақстан облысы кәсіптік білім беру орталығы» КММ.

Өтетін күні, уақыты: 2020 жылдың 2-5 наурызы, сағ. 10:00 – 17:30.

Өтетін орны: Өскемен қ, Серікбаев көшесі 37, «Алтай» Технопаркі.