Өскемен қаласында «SKILLS FOR GEEKS» чемпионатының қалалық кезеңінің өтуі туралы

Өскемен қаласында «SKILLS FOR GEEKS» чемпионатының қалалық кезеңінің өтуі туралы

2020 жылдың 27 ақпанында, «Skills for geeks» облыстық чемпионатының қалалық кезеңі Өскемен қаласында өтті.

Облыстық чемпионатқа қатысу мүмкіндігі үшін 47 жалпы білім беретін мектептің 314 оқушысы №46 орта білім беретін мектептің базасында бақ сынады. Чемпионат спорттық робототехника бойынша «Сызық бойымен жарыс», «Сумо», «Кегельринг», «Кегельринг квадро», «Жаяу жүретін роботтар сумосы» және «Танк биатлоны», сонымен қатар «3D модельдеу», «Бағдарламалау» және «Arduino микроконтроллерінде құрылғыларды бағдарламалау» бағыттары бойынша өтті.

Сондай-ақ, мектеп оқушылары облыстық «New Generation» IT-фестиваліне іріктеуден өту үшін 15 ғылыми жоба ұсынды. Қалалық кезең жеңімпаздары осы жылдың сәуір айында өтетін облыстық чемпионатқа қатысады.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!