ШҚО оқушыларының «Ұшқыр ой алаңы» атты республикалық пікір-сайыс турниріндегі қорытындысы

ШҚО оқушыларының «Ұшқыр ой алаңы» атты республикалық пікір-сайыс турниріндегі қорытындысы

2020 жылдың 25-26 ақпан күндері Шымкент қаласында 8-10 сынып оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» атты республикалық пікір-сайыс турнирі өтті. Дебатқа барлығы республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардан 51 команда қатысты.

Турнирдің мақсаты - шешендік өнер дағдыларын және наным-сенім әдісін, білім алушылардың оң, сыни ойлауын қалыптастыру, өзекті мәселелерді талқылау, конструктивті диалог пен дауды жүргізу мәдениетін дамыту.

Дебаттық турнир «Американдық парламенттік формат» ойыны форматында өтті. Пікір-талас мәселелерінің негізгі тақырыптары: Қазақстан Республикасының тұрақтылығы мен өркендеуі, елдің қарқынды дамуына әрбір азаматтың жеке қатысуы, қоғам игілігі үшін жұмыс істеуге деген ықыласы мен қабілеті.

Шығыс Қазақстан облысын дебаттарда 3 команда - облыстықкезеңнің жеңімпаздары ұсынды. Семей қаласы Шәкәрім атындағы үш тілде білім беретін көпсалалы мектеп-гимназиясының «Тарлан» командасы облыс намысын қорғап,3-орынға ие болды. Қатысушыларға III дәрежелі дипломдар, медальдар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Балаларды турнирде лайықты өнер көрсетуімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыс тілейміз!