
Бүгін, 2020 жылдың 26 ақпанында, «Skills for geeks» облыстық чемпионатының аудандық кезеңі Глубокое ауданында өтті.
Облыстық чемпионатқа қатысу мүмкіндігі үшін 9 жалпы білім беретін мектептің 193 оқушысы «Уварово орта мектебі» КММ базасында бақ сынады. Чемпионат спорттық робототехника бойынша «Сызық бойымен жарыс», «Сумо», «Кегельринг», «Кегельринг квадро», «Жаяу жүретін роботтар сумосы» және «Танк биатлоны», сонымен қатар «3D модельдеу», «Бағдарламалау» және «Arduino микроконтроллерінде құрылғыларды бағдарламалау» бағыттары бойынша өтті.
Сондай-ақ, мектеп оқушылары облыстық «New Generation» IT-фестиваліне іріктеуден өту үшін 9 ғылыми жоба ұсынды. Аудандық кезең жеңімпаздары осы жылдың сәуір айында өтетін облыстық чемпионатқа қатысады.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!