ШҚО кәсіптік білім беру орталығы Шығыс Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің дайындап отырған мамандықтары бойынша кәсіби шеберлік деңгейін анықтау мақсатында 2020 жылдың 27 ақпаны күні Өскемен қаласында «MasterSkills Shygys - 2020» өңірлік кәсіби шеберлік байқауын ұйымдастырып, өткізеді.
Байқауға ШҚО ТжКББ жүйесінің 46 оқу орындарының арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінен төмендегі құзіреттіліктер бойынша:
- «Графикалық дизайн» - 12 адам (КМҚК «Өскемен политехникалық колледжі» базасында);
- «Веб-дизайн» - 9 адам (КМҚК «Өскемен политехникалық колледжі» базасында);
- «Дәнекерлеу технологиялары» - 16 адам («Өскемен құрылыс колледжі» КММ базасында);
- «Сән технологиясы» - 5 адам («Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі» КММ базасында);
- «Шаштараз өнері» - 5 адам («Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі» КММ базасында);
- «Жеңіл автокөлікке қызмет көрсету, жөндеу» - 17 адам («Шығыс техникалық гуманитарлық колледжі» мекемесі базасында);
- «Аспаз ісі» - 19 адам («Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі» КММ базасында);
- «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларын жөндеу жөніндегі слесарь» - 12 адам («Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі» КМҚК базасында) қатысады.
Байқаудың ашылу мен жабылу салтанаты сағат 9.00-де және 16.30-да «Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі» КММ базасында өтеді.
Ұйымдастырушылырдың байланыс телефоны 8/7232/700-590, 87774940516 Кауменова Нургуль Оралкановна.