
ШҚО білім басқармасы «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 29-б. 2-т, «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» грантының мөлшерін және оны беру тәртібін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 21.09.2018 жылғы № 484 бұйрығына сәйкес «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» конкурсы өткізілетінін хабарлайды.
Конкурсқа ереже талаптарына сай Шығыс Қазақстан облысының барлық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қатыса алады.
Конкурс ережесі ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтында орналасқан.
Конкурс Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі 59/1, ШҚО білім басқармасында өткізіледі.
Қатысушылардың тапсырыстары 2020 жылдың 20 наурызына дейін prof_vko@mail.ru электронды поштасына қабылданады.
Қосымша сұрақтар бойынша 8(7232)702342 номері бойынша хабарласуға болады.