«Смарт Сарбаз – 2020» компьютерлік таланттардың қашықтықтан облыстық чемпионатының қорытындысы

«Смарт Сарбаз – 2020» компьютерлік таланттардың қашықтықтан облыстық чемпионатының қорытындысы

«Кадрлар даярлау мен әскери-патриоттық тәрбие беру аясында болашақ әскери инженерлерді, ІТ-мамандарды, робототехниканы, жасанды интеллект бойынша мамандарды өсіру қажет. Бұл Smart ұрпағы»

 Қасым-Жомарт Тоқаев

 

2020 жылдың 5 ақпанында Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының мектептерінде онлайн түрде «Смарт Сарбаз-2020» компьютерлік таланттар чемпионаты өтті. Интернет - чемпионаттың мақсаты – «Жас Сарбаз» сыныбы оқушылары мен «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық спорт клубы курсанттарының ақпараттық технологиялар саласындағы шығармашылық қабілеттерін және ғылыми-техникалық әлеуетін анықтау және дамыту болып табылады.

Іс-шараға 3000-ға жуық «Жас Сарбаз» сыныбы оқушылары мен «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық спорт клубының курсанттары қатысты.

Чемпионат жаратылыстану ғылымдары, математика, информатика, робототехника бойынша бағдарламалардың мазмұнын қамтып, қатысушылардың 4 жас топтарына арналған тапсырмалардың жеке нұсқалары бойынша өткізілді:

1 жас санаты - 5 сынып;

2 жас санаты – 6-7 сыныптар;

3 жас санаты – 8-9 сыныптар;

4 жас санаты – 10-11 сыныптар, колледж студенттері.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша 833 қатысушы жүлделі орындарға ие болды: 1 орын – 189 қатысушы; 2 орын – 353 қатысушы; 3 орын – 291 қатысушы.

Чемпионатта Семей және Алтай қалалары, Аягөз, Бесқарағай, Зайсан және Күршім аудандарының оқушылары ең жоғары нәтиже көрсетті.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға жаңа жетістіктер тілейміз!