
24 ақпан күні Абай ауданында оқушылардың «Робототехника», «Бағдарламалау», және «3D модельдеу» IT-технологияларын меңгеру және қолдану саласындағы шығармашылық интеллектуалдық қабілеттерін қалыптастыру мақсатында «SKILLS FOR GEEKS» чемпионатының аудандық кезеңі өткізілді. Чемпионатқа 10 команда, 72 оқушы қатысты.
Чемпионат спорттық робототехника бойынша «Сызық бойымен», «Сумо», «Кегельринг», «Кегельринг квадро», «Жаяу жүретін роботтар сумосы» және «Танк биатлоны», сонымен қатар «3D модельдеу», «Бағдарламалау» және «Arduino микроконтроллерінде құрылғыларды бағдарламалау» бағыттары бойынша өтті.
Сонымен қатар, ІТ-фестиваль көрмесіне оқушылардың 7 IT-жобалары облыстық «New Generation» IT фестиваліне іріктеуден өту үшін ұсынылды.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!