
ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының жоспарына сәйкес 2022 жылғы 17 қарашада ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі» КММ базасында директорлардың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарлары және ауыл мектептерінің пән мұғалімдері үшін «Мектептегі «Ауыл мектебі» аясындағы жобалық жұмыстарды жүргізу ерекшеліктері» облыстық семинар-практикумы өтті.
Семинардың мақсаты - қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайту, «Ауыл мектебі» жобасы аясындағы мектептің тәжірибесімен алмасу және тарату.
«Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі» КММ ұжымы Алтай, Зайсан, Күршім, Самар, Тарбағатай, Ұлан аудандары, Өскемен қаласының ауыл мектептерінен қатысқан мектеп директорларының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, пән мұғалімдеріне «Ауыл мектебі» жобасы аясындағы «Табысты мектеп» моделін көрсетіп, 15 бағыттағы 54 жоба ұсынды.
Семинар-практикум барысында мектеп ұжымы «Ұлы ұлттың қазынасы», «Ойнап жүріп, ойланайық!», «Математика және логика», «Математика және бизнес»; «STEM», «Сабынның құрамындағы май мөлшері», «Гидропоника», «English day at school»,«Мұрагер», «Жасыл дәріхана» жобалары аясында оқушылардың кәсіптік бағдары мен функционалдық сауаттылықтарын дамыту бағытындағы жұмыстарын көрсетіп, заманауи талаптарға сай жабдықталған кабинет мүмкіндіктерін пайдаланумен оқушылардың білім, білік дағдыларын арттырудағы іс-тәжірибелерімен бөлісті.
«Дала патшайымы», «Шалқыма би ансамблі», «Бір мектеп-бір ән», «Ел-назар театры», «Домбыра дастан», «Қуыршақ театры», «Көлеңке театры», «Шоппер», үйірмелері сахналық қойылым көрсетті. «Маленькая модница», «Қыз жасауы», «Сырмақ», «Веселые тапочки», «Ұлттық киімдер», «Түкті кілем» үйірмелері ұлттық қолөнерді дамыту бойынша жұмыстарын көрсетті.
Семинар соңында ШҚО ББ «Шығыс» ӨО білім беру менеджмент кабинетінің әдіскері Бошаева Г.М. қойылған сұрақтарға жауап беріп, мектеп ұжымына жобаны іске асыруда шығармашылық табыс тіледі.
Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.