
Бүгін, 2022 жылғы 16 қарашада Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің базасында Қазақстан Республикасы колледждерінің студенттері арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қ. Бітібаева атындағы І республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.
Мақсаты - білім алушылардың теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, дарынды білім алушыларды анықтау және дамыту.
Олимпида екі айналымнан тұрды: бірінші айналым – жазбаша (эссе); екінші айналым – ауызша (Қ.О.Бітібаеваның өмірбаяны, оның ғылыми мұрасы және публицистикалық еңбектері, қазақ әдебиеті пәнінен бағдарлама негізінде алынған білімдері сараланды).
Олимпиада қорытындысы бойынша сараптама комиссиясы келесі жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады:
1 орын – Жанат Сара («Өскемен экономика және қаржы колледжі» ЖШС);
2 орын – Шәріпханов Аян («Өскемен жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК);
3 орын – Қадылбекова Аяулым («Қ.Нұрғалиев атындағы Жоғары колледж» мекемесі)
Олимпиада жүлдегерлері мен жеңімпаздарын құттықтаймыз!