
ШҚО білім басқармасы "Шығыс" өңірлік орталығының жылдық іс-шаралар жоспарына сәйкес 2020 жылғы 21 ақпанда Өскемен қаласы әкімдігінің "№10 мектеп-гимназиясы" КММ базасында «Заманауи мектеп жағдайындағы педагог. Ішкі ресурстың көзі» тақырыбында облыстық семинар-коучинг өтті.
Семинардың мақсаты-мектеп психологтарының кәсіби деңгейін арттыру, практикалық жұмыс түрлері мен әдістерін қолдану бойынша тәжірибе алмасу.
Семинар-коучингке 40-тан астам қалалық, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, педагог-психологтар, шығармашылық топтардың жетекшілері қатысты.
Семинар барысында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ШҚО бойынша филиалының тренер-сарапшысы Кукина Юлия Евгеньевна «Күйзеліске төзімділік-педагогтің кәсіби денсаулығының ресурсы» тақырыбында баяндама жасады.
Шағармашылық топ жетекшілері өз іс-тәжірибелерімен бөлісті: Катонқарағай ауданы «Жаңаүлгі орта мектебі» КММ психологы Талаптанова Мергүл Бейбетқанқызы; Өскемен қаласы әкімдігінің «№29 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ психологы Рябичева Анна Викторовна; Шемонаиха ауданы «И. М. Астафьев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ психологы Захарова Валентина Александровна.
Іс-шараға қатысушылар педагог-психологтардың кәсіби шеберлігі және әлеуетін ашу үшін коллаборативті орта құру бойынша жұмыстар, сондай-ақ кәсіби ортада тұлғалық дамудың ішкі ресурстарын өзектендіру мәселелерін талқылады.
Семинар барысында педагогикалық-психологиялық білім беруді жаңғырту бойынша педагогтердің психологиялық мәдениеті мен құзыреттілігін қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірленді.