
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2022 жылғы 15 қарашада «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру аясында «Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеудегі жобалық жұмыстардың рөлі» онлайн-семинарын өткізді.
Семинарға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің кітапхана ісі бойынша әдіскерлері, жалпы білім беретін мектептердің, облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдарының кітапханашылары қатысты (100 адам).
Семинардың мақсаты - Зайсан ауданы бойынша мектеп кітапханашыларының тәжірибесін облыс деңгейінде тарату.
Семинар барысында:
ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Жарсу орта мектебі» КММ кітапхана меңгерушісі Мамиева Гүлмайра Түркістанқызы «Әдебиет әлеміе автор көзімен»;
ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Қаратал орта мектебі» КММ кітапхана меңгерушісі Калиева Назира Кыдыркановна «Оқушылардың тұрақты кітап оқуын арттыру жолдары»;
ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Шекарашы орта мектебі» КММ кітапханашысы Коккозова Кайныйкамал Кырыкбаевна «Түнгі кітапхана» жобасы» тақырыптарында тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, семинар жоғары деңгейде өткенін атап, ұсынылған баяндамалардан алған әсерлерімен бөлісті.
Мектеп кітапханашыларына «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру мақсатында жүргізілген жұмыстар YouTube, TikTok – каналдарына, Instagram, Facebook желілеріне тұрақты түрде жарияланып тұруы ұсынылды.
Модератор: Нурмухамедова Эльста Алибековна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО тәрбие жұмысы кабинетінің әдіскері.