
Жұмыс берушілермен тиімді өзара әрекет ету және кадрларды даярлау сапасын арттыру, сондай-ақ жұмыс берушілермен өзара тиімді, нәтижелі байланыстар орнату мақсатында Шығыс Қазақстан облысындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 2022 жылы 15 қарашада «Жұмыс беруші күні» өткізілді.
Кездесу барысында жұмыс берушілер, серіктес-мекемелер колледждер базасымен танысып, даярланып жатқан болашақ мамандардың сапасын арттыру, дуалды оқытудың ерекшелігі, оның ішінде кадрларды нысаналы даярлау туралы білді.
Аталған іс-шараға 3970 студент пен 270 әлеуметтік серіктес кәсіпорындардың жұмыс берушілерін қамтитын 35 колледж қатысты. Жұмыс беруші күнін мерекелеу аясында 7 меморандум және 10 келісім жасалды.
Сондай-ақ, облыстың 13 кәсіпорын базасында колледж студенттері үшін экскурсиялар, дөңгелек үстелдер, бос орындар жәрмеңкелері және т. б. сияқты іс-шаралар өткізілді.
Іс-шара соңында жұмыс берушілер оқу-ағарту министрлігі, білім басқармасының грамоталарымен және Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының алғыс хаттарымен марапатталды.