«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері арасында облыстық жастар слет-форумы

«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ»  атты техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері арасында облыстық жастар слет-форумы

ШҚО Білім басқармасы, «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі» КМҚК 2022 жылдың 10 қарашасында  «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ»  атты техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері арасында облыстық жастар слет-форумын өткізді.

Слеттің мақсаттары мен міндеттері:

- ҚР ТжКБ ұйымдарында оқитын студенттердің бойында парасаттылықты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

- қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне  төзбеушілікті тәрбиелеу бойынша студенттік бастамаларды көтермелеу;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру;

- оқу үдерісінің ашықтығы мен айқындылығы;

- ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы бойынша саяси-құқықтық білімді кеңейту.

Аталған іс-шараға  «Саналы ұрпақ»  клубтарының жетекшілері мен белсенділері және ШҚО колледж директорларының орынбасарлары, ШҚО Білім басқармасы және «Қазақстан Республикасы  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша департаментінің өкілдері қатысты. Облыстың 30 колледжінен 60 «Саналы ұрпақ» клуб белсенділері және жетекшілері қатысты.  Форумның салтанатты ашылуында ШҚО білім басқарсасының басшысының м.а. Ақылбек А.А. және Қазақстан Республикасы  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ШҚО бойынша Департаментінің превенция басқармасының басшысы  құттықтау сөз сөйледі.

Слет барысында:

     1-алаңда «Біздің таңдауымыз – жемқорлықсыз болашақ» атты дөңгелек үстел өткізілді.

     2-алаңда Квест «Интелектуалды ойындары» өткізіледі;

     Іс-шара  барысында студенттерді «Саналы ұрпақ» клубының қатарына салтанатты  қабылдау өткізіліп 50 студентке төсбелгі тапсырылды.

Форумның жабылу салтанатында Риддер аграрлы- техникалық колледжінің белсенділеріне «Адалдық» ауыспалы кубогы  тапсырылды.