
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы күзгі демалыс мектеп жоспарына сәйкес 2022 жылғы 2 қарашада «Қозғалыс дағдылары арқылы шығармашылық қабілеттер мен сыни ойлауды дамыту-қазіргі заманғы білім беру технологияларын қолданудың тиімді тәжірибесі» тақырыбында онлайн-семинар өткізді. Семинарға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері , білім беру ұйымдарының дене шынықтыру, АӘжТД пәнінің мұғалімдері қатысты.
Семинардың мақсаты - АӘжТД мен дене шынықтыру мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесін тарату арқылы педагогтердің шығармашылық қызметін қалыптастыру, кәсіби және жеке дамуына әдістемелік көмек көрсету.
Семинар барысында:
Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Көгедай орта мектебі» КММ АӘжТД пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Кабиолдин Бауыржан Салауатұлы «Заманауи білім беру технологияларын қолдана отырып, саптық дайындық элементтерін үйрету» тақырыбында шеберлік сыныбын ұсынды.
Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «М.В.Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Набиев Дархан Жумабекович «Волейбол ойынының оқыту барысында оқушылардың сыни ойлауын дамыту» әдіс-тәсілдерімен таныстырды.
Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Сугатовский жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша кешені» КММ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Зузин Николай Николаевич «Современные педагогические технологии, обеспечивающие новые подходы к организации и проведения урока по физической культуре» тақырыбында дене шынықтыру пәнін өткізудегі тәсілдерін көрсетті.
Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Амангелді атындағы орта мектебі» АӘжТД пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Калиев Мурат Жасымканович «Роботтарды басқару алгоритмі. Роботтың қозғалу траекториясын жоспарлау» тақырыбында балалардың әскери негіздері бойынша зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті.
Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысқан ұстаздар спикерлерге алғыстарын білдіріп, іс-шараның өзектілігін атап өтті.
Модератор – Кемельбаева Ш.У, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны және білім беру сапасы мониторингісі кабинетінің әдіскері.