
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2022 жылғы 3 қарашада «Ұлттық рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Үздік ауыл мұғалімі-2022» байқауын өткізді.
Мақсаты – облыстың шағын жинақталған мектептерінің біріктірілген сыныптарда шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерін анықтау, ынталандыру және қолдау, мұғалімдердің педагогикалық озық тәжірибесін тарату, сонымен қатар оқытудың сапалы деңгейін арттыру.
Байқауға Алтай, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Самар, Ұлан, Тарбағатай, Шемонаиха аудандарынан және Өскемен қаласынан шағын жинақталған мектептердің 10 мұғалімі қатысты.
Қатысушылар байқаудың ережесіне сәйкес «Мен табысты ұстазбын» 1- тапсырмасында қатысушылар өздерінің жетістіктерімен таныстырды, 2- тапсырмасында біріктірілген сыныптарда «Шағын жинақты мектептегі үздік сабақ» - бейнежазба сабағын көрсетті.
Конкурс комиссиясының шешімі бойынша байқау жүлдегерлері анықталды:
І орын – Мустафина Гульчат Чайхановна, ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Жаңаауыл негізгі орта мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі.
ІІ орын – Касаинова Айнаш Кабидолдиновна, ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Балғын негізгі орта мектебі» КММ математика және информатика пәнінің мұғалімі;
ІІ орын – Мусабалинова Жанат Оралкановна, ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Андрея Сумин атындағы орта мектеп» КММ тарих пәнінің мұғалімі;
ІІІ орын Сулейменова Альмира Казбековна, ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Каменка орта мектебі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
ІІІ орын – Омарханова Жулдыз Серикказиевна, ШҚО ББ Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Миролюбовка орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
ІІІ орын- Табысбаева Назым Ермековна, ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Саржыра шағын жинақты негізгі орта мектебі» КММ биология, география пәнінің мұғалімі.
Номинация иеленгендер:
«Жаңашыл мұғалім» - Жақсылыков Руслан Еркімбекұлы, ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Малоубинка орта мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі;
«Білікті ұстаз» - Сулейменова Айым Асхатқызы, ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы Жаңалық орта мектебі» КММ ағылшын пәнінің мұғалімі;
«Шығармашыл мұғалім» - Ахметулдинова Гульмира Захановна, ШҚО ББ Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Ново-Ильинская негізгі орта мектебі» КММ биология пәнінің мұғалімі;
«Кәсіби мұғалім» - Жакупбекова Назгуль Касымовна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ново-Троицкая орта мектебі» КММ орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
Жүлдегерлер білім басқармасының дипломдарымен, номинация иегерлері-грамотамен марапатталды. Байқауға қатысушылардың үздік материалдары «Үздік ауыл мұғалімі-2022» жинағына енгізіледі.
Модератор: Бошаева Гульнара Манашевна ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы білім беру менеджменті кабинетінің әдіскері.