Региональный форум для молодых педагогов общеобразовательных школ ВКО «Жас ұстаз: табысқа апарар жол»

Региональный форум для молодых педагогов общеобразовательных школ ВКО  «Жас ұстаз: табысқа апарар жол»

Мектептегі жас мұғалім - бұл дегеніміз озық ой, жаңашылдық, өзіндік ерекшелік, бірегейлік, білім берудегі прогрессивтілік.

Жас мұғалімдер мектебі - білім беру менеджментінің маңызды циклі, жас мұғалімнің кәсіби және жеке өсуіне жағдай жасайтын жүйе.

2022 жылғы 4 қарашада Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының филиалы және Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесіп,  әдістемелік көмек көрсету мақсатында оқыту үшін қажетті практикалық дағдыларды қалыптастыруға ықпал ету, білім беру процесіне заманауи тәсілдерді игеру және енгізу, жас педагогтердің зияткерлік әлеуетін тарту мақсатында «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» тақырыбында бір күндік аймақтық Форумын өткізді. 

Форумға Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарынан барлығы 150  жас педагог қатысты.

Іс-шара барысында  жас педагогтер үшін  Өскемен қаласындағы ПШО филиалының тренерлері, Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары, педагог-психологтері «Біз бір командамыз» тренингін жүргізу арқылы қатысушылардың эмоционалдық көңіл-күйлерін  форум жұмысына бағдарлады.

Жас педагогтерге арналған аймақтық форум аясында І республикалық форум туралы бейнеролик көрсетілді.

 ШҚО атынан  І республикалық форумға делегат болып барған жас педагогтер:

Ұлан ауданы бойынша ББ «Марсеков атындағы ОМ» КММ мұғалімі Анарбеков Әділ, «С.Аманжолов атындағы ОМ» КММ мұғалімі Алғали Мақсат, Өскемен қаласы бойынша ББ «№39 мектеп-гимназия» КММ мұғалімі Рахимова Алена, «Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицей» КММ мұғалімі Бекжанатова Назым, «Меновновская ОМ» КММ мұғалімі Шваб Анна форумның модераторлары болып, республикалық форумда қоржындарына жинаған  іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының м.а. Алима Ақылбек форумға қатысушы жас педагогтерді  құттықтау сөзінде ұстаздық мамандықтың  жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлінің ерекшелігін атап өтті. Технологиялар мен жаңашылдықтар үзіліссіз жетіліп жатқан заманда өз ісінің шебері, ұстаз деген атқа лайық педагогтерді  қалыптастыруда өткізіліп жатқан іс-шараның өзектілігін баса айтты. Сөз соңында форум жұмысына сәттілік тіледі.

          Форумға қатысушы жас педагогтерге  өмірлік жолында мотивациялық талпыныс пен бастамашылық дағдылардың қалыптасуына талпыныс беру үшін  өз кәсіптерінде жетістікке жеткен, еліміздің дамуына зор үлестерін қосып жатқан арнайы шақырылған спикерлер - олимпиада чемпионы  Рыпакова Ольга Сергеевна, кәсіпкер Тойбазаров Мухтар Серикович кәсіби өмірлік жолдарына жете тоқталып, айналысып жүрген кәсіптеріне келуге себеп болған қызықты да мағынаға толы оқиғаларын әңгімелей отырып, бүгінгі күні жемісін көріп отырған жетістіктерінің құпияларымен  бөлісті.

Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы НЗМ директоры Ерниязова Жұпат Ораловна, ПШО Өскемен қаласындағы филиалының  директоры Раисова Кульфарида Бабагумаровна өз сөздерінде мұғалімнің шебер болып қалыптасу жолында тәжірибе бөлісу, әдістемелік негіздің ғылыми және әралуан болуы   шарт деп айтып кетті. 

Форумның әдістемелік бөлігінде Өскемен қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының филиалы тренерлері мен Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұстаздары бірлесе отырып тақырыптық алаңдарда функционалдық сауаттылық, сабақты құрастыру, Insight зертханасы, оқытуда АКТ-ны тиімді пайдалану тақырыптарында әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

«Учитель и ученик: бесконфликтное общение», «Использование активных методов в обучении», «Sound and vision әдісі арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту», «Кроссенс как активный метод обучения», «ИКТ приложения и лайфхаки трендового урока», «Применение мобильных приложений для развития навыков устных вычислений» тақырыптарындағы  ПШО Өскемен қаласындағы филиалының тренерлерімен бірлесе өткізген жас педагогтеріміздің шебер сыныптары шараның шарықтау шағы болды.

І аймақтық жас педагогтер форумының ACTIV SPOT бөлігінде Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары саз, сурет салу, би, вокал, домбыра өнерлеріне саяхат жасады, арт терапия жүргізді.

Іс-шара соңында Өскемен қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренерлері «Зерттеуді зерттеуге болмайды» тақырыбында  педагогикалық батл ұйымдастырды.  Батл барысында қатысушылар жоғары белсенділік танытып, өз көзқарастарын уәжді дәлелдермен  негіздеп, пікірлерімен бөлісті.

Жас мұғалімдер форумын қорытындылау кезеңінде іс-шараның бір күндік жұмысының есебі ретінде түсірілген бейнеролик көрсетілді. Кері байланыс жүргізіліп, белсенді мұғалімдер алғыс хаттармен марапатталды, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде негізін қалайтын педагогтерге арналған аймақтық  жас педагогтер форумы жыл сайын жалғасын таппақ!