Балалар жылына арналған «Мектеп буккроссингі: бірге оқимыз» облыстық бейнеролик байқауы

Балалар жылына арналған «Мектеп буккроссингі: бірге оқимыз»  облыстық бейнеролик байқауы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2022 жылғы 4 қарашада «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Балалар жылына арналған «Мектеп буккроссингі: бірге оқимыз» облыстық бейнеролик байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты - оқушыларды танымдық әрекеттің негізгі түрі ретінде оқумен таныстыру, бос уақытты өткізудің бір түрі ретінде мектептегі буккроссингті кеңінен насихаттау.

Тәуелсіз байқау комиссиясы мектеп кітапханашылары, пән мұғалімдері мен жалпы білім беру ұйымдары оқушыларының шығармашылық жұмыстарына баға беріп, «Мектеп буккроссинг: бірге оқимыз» облыстық бейнебайқауының жеңімпаздарын анықтады.

I дәрежелі дипломмен - ШҚО ББ Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Н.А. Островский атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ;

II дәрежелі дипломмен – ШҚО ББ Ридер қаласы бойынша білім бөлімінің «Д. Қонаев атындағы №3 орта мектебі» КММ;

II дәрежелі дипломмен – ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Ю.А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі» КММ;

III дәрежелі дипломмен – ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№47 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

III дәрежелі дипломмен – ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің М. Дауленов атындағы мектеп-интернаты» КММ;

III дәрежелі дипломмен – ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Ақсу орта мектебі» КММ.

Байқау комиссиясымен келесі номинациялар тағайындады:

«Кітап оқумен танымалдығы үшін» – ШҚО ББ Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Миролюбовка орта мектебі» КММ;

«Әлеуметтік бағыттылығы үшін» - ШҚО ББ Улан ауданы бойынша білім бөлімінің «Таврия орта мектебі» КММ және ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ;

«Ақпараттылығы үшін» – ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Березовка орта мектебі» КММ және ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Средигорненская орта мектебі» КММ;

«Эмоцияналдығы үшін» – ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған IT – мектеп-лицейі» КММ.

Байқау жеңімпаздары мен номинация иегерлерін құттықтаймыз және оқушылардың оқу белсенділігі мен сауаттылығын дамытуда жемісті жұмыс тілейміз!