«Мен өз елімнің азаматымын» атты облыстық дебат турнирінің қорытындысы

«Мен өз елімнің азаматымын» атты   облыстық дебат турнирінің қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 4 қарашада Өскемен қаласының Ш.Уалиханов атындағы №3 мектеп-лицейі базасында 50-ден астам қатысушыларды қамтыған 25-тен астам дебат клубы арасында «Мен өз елімнің азаматымын» атты облыстық дебат турнирі өтті.

Турнирдің мақсаты – шешендік шеберлік дағдыларын, құрылымды диалог пен пікірталас жүргізудің мәдениетін, дәлелдеу өнерін қалыптастыру.

Дебаттың ашылу рәсімінде білім басқарма басшысының міндетін атқарушы Алима Ақылбек сөз сөйлеп, пікірсайысшыларға сәттілік тіледі.

Турнир алаңы қатысушыларға жүйелі талдау, өз ұстанымдарын білдіру дағдыларын көрсетуге мүмкіндік берді.

Турнир қорытындысы бойынша «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққандар анықталды:

Қазақ тіліндегі командалары арасынан:

1-орын – «Tozan» командасы (Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты)

2-орын – «Жігер» командасы («Ұлан» ауданы)

3 орын – «Фантом» командасы («Өскемен» қаласы, Ш.Уалиханов атындағы №3 мектеп-лицейі)

Орыс тіліндегі командалары арасынан:

1-орын – «Mars 08» командасы (Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты)

2-орын – «Муся и Пуся» командасы (Облыстық мамандандырылған ІТ-мектеп-лицейі)

3-орын – «Болашақ» командасы («Риддер» қаласы)

Жеңімпаздар кубоктармен, дипломдармен, ал қатысушылар сертификаттамен марапатталды.