Шығыс Қазақстан облысы қосымша білім беру мекемелері педагогикалық қызметкерлері облыстық қауымдастығының отырысы

Шығыс Қазақстан облысы  қосымша білім беру мекемелері педагогикалық қызметкерлері облыстық қауымдастығының отырысы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2022 жылғы 3 қарашада Балалар жылына арналған іс-шаралар шеңберінде қосымша білім беру мекемелері педагогикалық қызметкерлерінің облыстық қауымдастығының отырысын өткізді, оған аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, қосымша білім беру ұйымдарының директорлары, барлығы 48 адам қатысты.

Отырыстың мақсаты - қоғамдағы қосымша білім беру педагогі мамандығының беделін көтеру, кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру, қосымша білім беру педагогтерінің әдістемелік қызметін дамыту.

Іс-шара барысында спикерлер:

ШҚО ББ «Шығыс» ӨО тәрбие жұмысы кабинетінің меңгерушісі Исаев Аркадий Анатольевич «О развитии системы дополнительного образования детей в Восточно-Казахстанской области»;

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 1 балалар музыкалық мектебі» КМҚК директоры Щеглова Елена Викторовна «Музыкальная лаборатория, как инновационная форма работы в дополнительном музыкальном образовании»;

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқушылар шығармашылығы сарайы» КМҚК директоры Асташкина Галина Валентиновна «Необходимые навыки для того, чтобы научиться жить: новые вызовы для дополнительного образования»;

«ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Жұлдыз» балалар өнер мектебі» КМҚК директоры Қасенов Дархан Қуандықұлы «ШҚО Өскемен қаласы «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің жұмыс тәжірбиесінен (мәселелері мен келешегі)»;

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Жас техниктер станциясы» КМҚК директорының м.а. Тамбовцева Раиса Анатольевна «Реализация Steam-технологии в дополнительном образовании» тақырыптары бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Отырыс барысында облыстық Қауымдастық кеңесінің құрамына мүшелер, төраға және хатшы сайланды.

Отырыс қорытындысы бойынша қосымша білім беру мекемелерінің педагогикалық қызметкерлерінің облыстық қауымдастығының 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, ұсынымдар қабылданды.

Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» ӨО тәрбие жұмысы кабинетінің әдіскері Нурмухамедова Эльста Алибековна.