«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңі

«Дарынды балаларға - талантты ұстаз»  республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңі

Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімнің кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында  2022 жылдың 2 қарашасында  Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы облыстың білім беру ұйымдарының жас ұстаздарының арасында «Дарынды балаларға- талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңін ұйымдастырып өткізді.

Аталған  педагогикалық олимпиадаға Глубокое, Зайсан, Катон-Қарағай, Күршім, Самар, Тарбағатай, Ұлан аудандары, Өскемен қаласы, ШҚО ББ «Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицейі» КММ, ШҚО ББ «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ,  ШҚО ББ «Дарынды баларға арналған мектеп- лицей – интернаты» КММ  білім беру ұйымдарының 0-4 жыл еңбек өтілі бар тәлімгер, психолог, педагог санаттарынан құралған 23 мұғалім қатысты.

Олимпиада барысында  сайысқа түскен жас ұстаздар  заманауи талаптарға сәйкес білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін, өздерінің кәсіби іс-тәжірибелерін, жұмыс жүйесінде қолданып жүрген идеялары мен жобаларын көрсетті.

Облыстық Конкурстық комиссия мүшелері қатысушылардың кәсіби шеберліктерін, заманауи талаптарды игерулерін, коммуникативтіліктері мен мамандығы туралы ойының қалыптасу деңгейлерін бағалады.

Комиссия  шешімі бойынша олимпиада  жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды:

Бас жүлде – Боранбаев Бақ-Дәулет Қазбекұлы, ШҚО ББ «Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицейі» КММ география пәні мұғалімі;

І орын – Байжұманова Аяужан Бақытжанқызы, ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша ББ «№1 Марқакөл орта мектебі» КММ ағылшын тілі мұғалімі;

І орын – Табыс Гүлжаз, ШҚО Б Ұлан ауданы бойынша ББ «І.Айттықов атындағы орта мектеп – балабақша кешені» КММ информатика пәні мұғалімі;

І орын – Бақыт Жаннұр Бақытқызы, ШҚО ББ «Дарынды баларға арналған мектеп- лицей – интернаты» КММ  көркем еңбек пәні мұғалімі;

ІІ орын – Веприкова Юлия Петровна, ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша «№1 Белоусовка орта мектебі» КММ дене шынықтыру мұғалімі;

ІІ орын – Сагимоллаев Мақпират Манатұлы, ШҚО ББ Самар ауданы бойынша ББ «Амангелді орта мектебі» КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі;

ІІ орын – Құрманғалиева Мадина Нұрболғанқызы, ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша «О.Бөкей атындағы қазақ орта мектебі» КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі;

ІІІ орын – Бауыржан Айтолхын, ШҚО ББ Өскемен қалсы бойынша «№49 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ география пәні мұғалімі;

ІІІ орын – Тоқанова Шырайлым Ерланқызы, ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша ББ «Қаратал орта мектебі» КММ физика пәні мұғалімі;

ІІІ орын – Боголеева Татьяна Викторовна, ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша ББ «Белоусовка негізгі мектебі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Байқауда ерекшеленген қатысушыларға  аталымдар тағайындалды:

«Өз ісінің шебері» номинациясы – Медетова Жанерке Қанатқызы, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «№ 46 орта мектебі» КММ педагог-психологі;

«Импровизатор» номинациясы – Жомартқанова Мөлдір Талғатқызы. ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша ББ «Д.Қонаев атындағы орта мектебі» КММ педагог-психологі;

«Креативті» номинациясы – Ерембесов Кизат Маратович,  ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «М.Шаяхметов атындағы № 23 орта мектебі» КММ аға тәлімгері;

«Жаңашыл»  номинациясы – Габитова Алена Вадимовна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «М.Әуезов атындағы № 17 орта мектебі» КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі.

Жүлдегерлер Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Бас жүлде», І, ІІ, және ІІІ дәрежелі дипломдарымен, аталым грамоталарымен марапатталды, қатысушы сертификаттары табысталды.

Облыстық кезеңнің 6 жеңімпазы Республикалық педагогикалық олимпиаданың Ережесі негізінде республикалық олимпиадада Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғау үшін жолданады.

Республикалық педагогикалық  олимпиадаға қатысушы жас педагогтерімізге жеңіс тілейміз!

Модератор: Кантаева Айзада Жумакановна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің меңгерушісі