«Үздік педагог-2021» атағы иегерлерінің шеберлік сыныптары

«Үздік педагог-2021» атағы иегерлерінің шеберлік сыныптары

2022 жылғы 3 қарашада ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы күзгі каникул мектебінің іс-шаралар жоспары аясында информатика пәні мұғалімдеріне арналған педагогикалық дизайн  және мектептегі оқытуды жобалау бағытында  әдістемелік көмек көрсету  мақсатында «Үздік педагог-2021» атағының иегері онлайн форматта шеберлік сыныбын өткізді.

Гатауллина Ольга Ивановна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «С.Нұрмағамбетов атындағы №4 орта мектебі» КММ информатика пәнінің мұғалімі  «Педагогический дизайн и проектирование школьного обучения с  использованием дистанционных форм обучения» тақырыбында информатика пәні мұғалімдеріне арналған шеберлік сабағын өткізді.

Педагогикалық дизайн негізінде  тиімді жұмыс туралы білімді жүйелі  қолдану, «ашық архитектурамен» оқу процесін  және  оқу ортасын құру қарастырылған.

Семинар аясында О.И.Гатауллина «Үздік педагог» байқауына шығармашылық тапсырмаларды орындау ерекшеліктері, республикалық кезеңге  қатысу үшін жетістіктер мен конкурстық материалдарды дайындау туралы портфолио элементтерін көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті.

Семинар барысында кері байланыс ұйымдастырылды. Қатысушылар элементтерді, стильді және көрнекі дизайнды жасаудың өзектілігі мен практикалық маңыздылығын, ұсынылған материалдың жоғары мотивациялық құндылығын атап өтті. Оқу мазмұнын одан әрі жетілдіруде білім қоржындарын толықтырды.

Іс-шараға облыстың жалпы білім беретін мектептерінен 100 информатика пәні мұғалімдері қатысты.

Модератор: Желпакова Айгуль Халелевна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің математика, физика, информатика пәндері бойынша әдіскері.