«Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған ден қою жөніндегі іс-қимыл алгоритмі» облыстық оқыту семинары

«Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған ден қою жөніндегі іс-қимыл алгоритмі» облыстық оқыту семинары

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы күзгі демалыс мектебінің іс-шаралар жоспары аясында 2022 жылдың 2 қарашасында ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№9 орта мектебі» КММ базасында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагог-психологтеріне «Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған ден қою жөніндегі іс-қимыл алгоритмі» бойынша облыстық оқыту семинарын өткізді.  

Оқыту семинары барысында:

ШҚО ББ «Шығыс» ӨО әдіскер-психологі Кубентаева Ардак Курмангазиновна, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы бекіткен «Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған ден қою жөніндегі іс-қимыл алгоритмі» туралы 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №64-н бұйрығымен таныстырды;

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ педагог-психологі Ахтанова Жадыра Жұмағалиқызы, «Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған ден қою бойынша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің іс-қимыл алгоритмі»;

ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ педагог-психологі Парфенова Ольга Сергеевна, «Действия работников организаций образования по профилактике и реагированию на насилие в отношении детей» тақырыптарында тренинг өткізді.

Аталған іс-шараға облыстағы білім беру ұйымдарының 30 педагогі қатысып, әдістемелік ұсынымдар алды. Барлық қатысушыларға сертификат табысталды.  

Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» ӨО психолог-әдіскері Кубентаева Ардак Курмангазиновна.