«Қазақ, орыс және ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» онлайн-семинар

«Қазақ, орыс және ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру»  онлайн-семинар

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы күзгі каникул кезіндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2022 жылдың 2 қарашасында   «Қазақ, орыс және ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне онлайн режимде шеберлік семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты – педагогтердің оқу процесінде оқушылардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, бастауыш сынып оқушылары арасында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік нұсқауларды қалыптастыру.

Шара аясында Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының  №9 орта мектебі» КММ мұғалімі, педагог-шебер  Матаева Аглиман Бултукановна «Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру жолдары»;

Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№39 орта мектебі» КММ бастауыш мұғалімі, педагог-зерттеуші Жилкина Диана Александровна «Развитие функциональной грамотности на уроках английского языка в начальных классах»;

Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№37 орта мектебі» КММ бастауыш мұғалімдері,  педагог-зерттеуші Зуева Инна Владимировна, педагог-сарапшы Здоренко Полина Михайловна «Использование эффективных методов приемов формирования навыка чтения развития читательской грамотности младших школьников»;

Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ бастауыш мұғалімі, педагог-зерттеуші Кайсанова Кымбат Каирбековна «Интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану негізінде бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік әрекеттерін дамыту» тақырыптарында  шебер сыныптарын  көрсету арқылы өзекті мәселелерді талдап, тәжірбиелерімен алмасты.

Шеберлік сабағының соңында кері байланыс барысында қатысушылар қойылған сұрақтарға жауаптар мен  цифрлық сауаттылықты қалыптастыру жолдары, қажеттілігі жайлы  ұсыныстар алды.

Модератор - мектепке дейінгі, мектепалды және бастауыш білім беру кабинетінің меңгерушісі Какетаева Д.А.