«Құзыреттілік оқыту және тәрбиелеу: оқыту құралдары мен мүмкіндіктері» оқу-әдістемелік кеңесінің кеңейтілген отырысы туралы ақпарат

«Құзыреттілік оқыту және тәрбиелеу: оқыту құралдары мен мүмкіндіктері» оқу-әдістемелік кеңесінің кеңейтілген отырысы туралы ақпарат

2020 жылдың 19 ақпанында ШҚО білім басқармасының «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ ұжымы «Құзыреттілік оқыту және тәрбиелеу: оқыту құралдары мен мүмкіндіктері» оқу-әдістемелік кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты. Кеңес ұйымдастырушылары-Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Дарын»республикалық ғылыми-практикалық орталығы.

Сонымен қатар, кеңеске еліміздің барлық өңірлерінен арнайы білім беру ұйымдарының 100-ден астам жетекшілері мен мұғалімдері қатысты.

Мектеп-лицей директоры Л.Н.Савинова кеңес қатысушыларын педагогикалық ұжымның жұмыс жүйесімен, оның білім беру процесін жүзеге асырудағы жетістіктерімен және қабілетті, дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі жетістіктерімен таныстырды.

Кеңес аясында оның қатысушыларына лицей мұғалімдерімен бірге оқушылар әзірлеген IT-жобалар ұсынылды. Бұл жобалар: Волостнова В., 9 сынып (мұғалімі - Ауезов Е. Б.), «Виртуалды 3D-тур», «Абай – дана, Абай – дара қазақта», авторы-Лаврова А. және Акулова С., 10 сынып, Кузнецов Д. және Гусаков А., 11 сынып (мұғалімдер - Садуакасова С. А., Отаубаева А. Ж., Сагандыкова Ж. Т., Четтыкбаев Р. К.), «Педиатр» автор – Кавригина Д., 11 сынып (мұғалімдер-Куприянова И. В., Сагандыкова Ж. Т.), «Виртуалды шындықүлгілерін жасау», авторлары-Сысоев А. және Федоров В., 11 сынып (мұғалімдер-Савинова Л. Н.,Бутурлина Т.С.), «Виртуалды 3Д-тур «Шығыс Қазақстандықтар ҰОС кезінде», авторы – Калинец А., 10 сынып (мұғалім – Шакирова Ж. С., Четтыкбаев Р. К.), «Android операциялық жүйесіне арналған стресстің алдын алу бойынша мобильдік қосымша», авторы – Вансович Н., 11 сынып (мұғалімдер – Вансович С. В., Шалтаева М. Н.).

Олардың ішінде-ШҚО әкімі Д. К. Ахметовтың грантына ие болған үш IT-StartUp-жобасы бар. Бұл- А. Лаврова мен С. Акулованың, Д. Кузнецов пен А. Гусаковтың, Д. Кавригинаның, В. Волостновтың жобалары.

Тоғыз ашық сабақ үзінділерінде білім беру үдерісінде ақпараттық технологиялар мен электрондық ресурстарды қолдану тәжірибесі, түрлі пәндік салаларда IT-құзыреттілікті қалыптастыру бойынша жұмыстарды мұғалімдер Е. Б. Ауезов, И. С. Батурина, Н. Д. Капаева, С. Т. Нетбаева, Н. А. Омарова, Д. А. Порубов, Г. Н. Сахарова, М. Д. Тамырбаев, А. В. Чеботкова ұсынды.

Шеберлік сабақтардың сегіз интерактивті алаңдарында кеңес қатысушылары қабілетті және дарынды балалармен жұмыстың мазмұны мен тәсілдерін жаңартудың, заманауи білім беру технологияларын жүзеге асырудың, білім беру үдерісін цифрландырудың өзекті мәселелерін, оның әлеуеті мен салдарын талқылады.

Шеберлік сабақтардың аясында А.А.Габдуллина және С.В. Семенихина оқушылардың ұлттық сана-сезімдерін қалыптастырудағы тәрбие және білім беру саласын интеграциялаудың жаңа тәсілін ұсынды.

Өзінің шеберлік сабағында  И. В. Романенко қатысушылардың Lesson Study тәсілі негізінде оқыту және оқыту тәжірибесін жетілдіру сұрақтарына жауап берді.

Оқушылардың танымдық қызметін белсендірудегі IT-ресурстардың әлеуеті, оқыту нәтижелерін бақылау мен бағалауды ұйымдастыру, дамытушы білім беру ортасын құру И. В. Куприянова, Е. П. Колясникова және Ж. О. Сембаевалардың шеберлік сабақтарында ұсынылған.

Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, зияткерлік және шығармашылық әлеуетін ашу және іске асыруда зерттеу қызметінің мүмкіндіктері Т. С. Бутурлинаның шеберлік сабағында талқылау тақырыбы болды.

Кибер-қауіпсіздікті қалыптастыру және сандық сауаттылық ережелерін меңгерудің өзекті мәселелеріне Ж.Т Сагандыкованың шеберлік сабағы арналған.

Оқушылардың мультимедиалық журналистика саласындағы іскерліктерін қалыптастырудың қадамдық алгоритмін И. С. Горбунова мен Л. Н. Тихонова ұсынды.

Кеңес қатысушылары оқушылардың қабілеттері мен дарындылығын дамыту, IT-құзыреттілігін қалыптастыру бойынша педагогикалық ұжымның жұмысын жоғары бағалады.