ШҚО жалпы білім беретін мектептердің жас педагогтеріне арналған «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» аймақтық форумының БАСПАСӨЗ АНОНСЫ

ШҚО жалпы білім беретін мектептердің жас педагогтеріне арналған  «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» аймақтық форумының БАСПАСӨЗ АНОНСЫ

Мектептегі жас мұғалім - бұл дегеніміз озық ой, жаңашылдық, өзіндік ерекшелік, бірегейлік, білім берудегі прогрессивтілік.

            Жас мұғалімдер мектебі - білім беру менеджментінің маңызды циклі, жас мұғалімнің кәсіби және жеке өсуіне жағдай жасайтын жүйе.

            2022 жылғы 4 қарашада Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы Өскемен қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының филиалы және Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесіп,  әдістемелік көмек көрсету мақсатында оқыту үшін қажетті практикалық дағдыларды қалыптастыруға ықпал ету, білім беру процесіне заманауи тәсілдерді игеру және енгізу, жас педагогтердің зияткерлік әлеуетін тарту мақсатында «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» тақырыбында бір күндік өңірлік Форум өткізеді. 

            Іс-шара барысында  жас педагогтер үшін  Өскемен қаласындағы ПШО филиалының тренерлері, Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары, педагог-психолгтер   «Біз бір командамыз», «Эмоционалдық мәдениет» тренингтерін жүргізеді.  

            Жас педагогтерге арналған аймақтық форум аясында І республикалық форумы туралы бейнеролик көрсетіліп,  ШҚО атынан республикалық форумға делегат болып барған жас педагогтер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөліседі.

            Форумға қатысушы жас педагогтерге  өмірлік жолында мотивациялық талпыныс пен бастамашылық дағдылардың қалыптасуына талпыныс беру үшін  өз кәсіптерінде жетістікке жеткен, еліміздің дамуына зор үлестерін қосып жатқан арнайы шақырылған спикерлер - олимпиада чемпионы  Рыпакова Ольга Сергеевна, кәсіпкер Тойбазаров Мухтар Серикович, мектеп директоры Берикұлы Аралбек өз жетістіктерінің құпияларымен  бөліседі.

            Форумның әдістемелік бөлігінде Өскемен қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының филиалы тренерлері мен Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұстаздары бірлесе отырып тақырыптық алаңдарда функционалдық сауаттылық, сабақты құрастыру, Insight зертханасы, оқытуда АКТ-ны тиімді пайдалану тақырыптарында әдіс-тәсілдерімен бөлсіседі.

            Шараның қызықты да маңызды бір бөлігі - «Учитель и ученик: бесконфликтное общение», «Использование активных методов в обучении», «Sound and vision әдісі арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту», «Кроссенс как активный метод обучения», «ИКТ приложения и лайфхаки трендового урока», «Применение мобильных приложений для развития навыков устных вычислений» тақырыптарындағы жас педагогтеріміздің шебер сыныптары.

            Іс-шара соңында Өскемен қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының филиалының тренерлерімен «Зерттеуді зерттеуге болмайды» тақырыбында  педагогикалық батл ұйымдастырылады.

            Іс-шараға облыстың 130  жас педагогі қатысады.

            Жас педагогтер форумы 2022 жылдың 4 қарашасында өтеді.

            Мекенжайы: Өскемен қаласы, Қ.Сәтпаев даңғ., 53 Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.